БҰЛ КІТАП НЕ ЖАЙЫНДА?

Ауылдан шыққан қарапайым бала халықаралық деңгейдегі табысты кәсіпкерге қалай айналды? – Бұл бестселлердің авторы Серікбай Бисекеевтің өмірі. Кітабы да осы жайында жазылған.

16 жасар жасөспірім ешбір таныс-тамырсыз, ақшасыз бөтен елге, 90-шы жылдардағы атыс-шабысқа тап болды... Ол өз ісін осындай қиын-қыстау күндерде бастады. Алайда барлық сынақтарға төтеп беріп, табысты, дәулетті әрі бақытты адамға айналды. Ernst&Young халықаралық аудиторлық-консалтингтік компаниясының тұжырымы бойынша Ресейдегі «Жыл кәсіпкері – 2012» номинациясында жеңімпаз атанып, өзіне лайықты марапатын алды.

Оның жүріп өткен жолы – кез келген адам шынымен қаласа өзі армандаған Тұлғаға айнала алатынының көрінісі. Өз өмірін мысалға келтіре отырып, ол кез келген жұмыр басты пенде ешнәрсеге қарамастан, жетістікке жетіп, өмірден өз орнын тауып, бақытқа кенеле алатынын көрсетеді. Бұл жолда білім мен біліктілік, арман, алға қойылған мақсат, табандылық және жоспарлау көмектеседі.

Автор өзі 30 жылдан астам уақыт бойы пайдаланып келе жатқан мақсатқа жетудің тамаша құралын ұсынады. Және онысын жетілдіруді тоқтатқан емес – бұл Жетістікке жету күнделігі.

БҰЛ КІТАП КІМДЕРГЕ АРНАЛАДЫ…

Ісін жаңадан бастаған кәсіпкер

Бизнес иесі

Өз өміріңізді өзгерткіңіз келеді, алайда неден бастарын білмейсіз

ЖОО аяқтадыңыз/аяқтап жатырсыз, алайда қалай іс бастау керектігінен хабарыңыз жоқ

Табысты әрі бақытты адам болғыңыз келеді

«БӘРІ ДЕ ӨЗ ҚОЛЫҢДА» АТТЫ АВТОБИОГРАФИЯЛЫҚ КІТАПТА СІЗ КЕЗ КЕЛГЕН ОҚЫРМАНҒА ТАБЫСТЫ, ЖАНЫ ТЫНЫШ БАҚЫТТЫ АДАМ БОЛУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ҰСТАНЫМДАР МЕН ҚАҒИДАЛАРДЫ ТАБАСЫЗ.

КІТАП ДӘЛ СІЗ ҮШІН НЕСІМЕН ПАЙДАЛЫ?

2016 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бестселлер атанған «БӘРІ ДЕ ӨЗ ҚОЛЫҢДА» кітабы бізге бөтен емес адамның өмір жолын баяндайды. Бұл адам дағдарысты 90-шы жылдарда бізбен бірге табандылық танытты, екі мыңыншы жылдарда бизнестің қыр-сырын меңгерді, үздік білімді өз тәжірибесімен ұштастырды және дәл қазір осының барлығымен бөлісуге дайын. Сондықтан оның өмір тарихы оқырмандардың ерекше сеніміне ие болып, шын мәнісінде қанаттандырады.

Кітап мыңдаған қазақстандықтарды табысқа жетуге талпындырды, өз күштеріне деген сенім ұялатып, саналы түрде өмір сүріп, өз дамуын қолға алуға көмектесті, өз арманына жетуге талпынысты нығайтты.

Кітап оқырмандардың пікірі бойынша жеңіл оқылады және:

Өзіңе сенуге және мақсаттарыңа қарай батыл қадам басуға

Қиындықтардан қорықпай, оларды шынықтыратын құрал ретінде қабылдауға

Әр жағдайда өз өзіңді табысты тұлға ретінде жетілдірудің мүмкіндіктерін байқауға

Өз қателіктеріңнен дұрыс сабақ ала білуге талпындырады.

Тапсырыс беру

Жетістікке жету күнделігі

Серікбай үздік білімді өз тәжірибесімен ұштастырып, мақсатқа жеткізер арнайы құрал – ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ КҮНДЕЛІГІН жасап шығарды.

Жоспарлаумен айналысыңыз, жетістік көп күттірмейді!

Жетістікке жету күнделігі Сіз үшін несімен пайдалы болмақ?

Автордың тәжірибесі мен көптеген табысты адамдардың өмірбаяны көрсеткендей, дәл осы жоспарлау оларға өмірлерінің түрлі салаларында көздеген мақсаттарына сатылы түрде жетуге: отбасылық бақытқа, қаржылық еркіндікке қол жеткізіп, өзін өзі дамытуға және армандарын жүзеге асыруға көмектескен. Нақты белгіленген және жоспарланған мақсаттардың кешеуілдетпей, уақытылы жүзеге асу мүмкіндігі көбірек.

Тапсырыс беру

КҮНДЕЛІКТІҢ ПАЙДАСЫ

1979 жылы Гарвардта белгілі бір зерттеу жүргізілген, оның нәтижелері мақсаттарды нақты белгілеудің тиімді екенін және жүйелі түрде жүзеге асатынын дәлелдейді. Дереккөз

Студенттерге «Болашаққа нақты белгіленген, қағаз бетіне түсірілген мақсат қойдыңыздар ма және оларға қол жеткізу бойынша жоспарларыңыз бар ма?» деген сұрақ қойылады.

Факт
Сұралғандардың жауаптарына сай:

сұралғандардың 3% мақсаты мен жоспарлары болған.

13% мақсаты болған, алайда оларды жазбаған.

Студенттердің 84% бизнес-мектепті тәмамдау мен демалудан басқа ешбір нақты мақсаты болмаған.

Араға 10 жыл салып студенттерден тағы жауап алады.

Белгілі болғандай, мақсаттары бар, алайда оларды жазып жүрмеген 13% алдына ешбір мақсат қоймаған 84%-ға қарағанда орта есеппен екі есе табыс тапқан. Алайда ең қызығы: өз ниет-мақсаттарын қағаз бетіне түсіріп отырған 3% студент барлық жағынан үйлесімді дамып, қалған 97%-ға қарағанда орта есеппен он есе көбірек табыс тауыпты.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:Өз өміріңізді жоспарлауды үйренсеңіз, Сіз үйлесімді өмір сүріп, барлық салада – мансапта, қаржыда, денсаулықта, тұлғалық дамуда, отбасында жетістікке жете аласыз... Табыстың кілті – Өз қолыңызда.

ОҚЫРМАНДАР ПІКІРІ

Кітап бизнес қауымдастық өкілдерінің жоғары бағасын алды.
Автор сондай-ақ «БӘРІ ДЕ ӨЗ ҚОЛЫҢДА» кітабының оқырмандарынан да ыстық лебіздер мен алғыс сөздер алып тұрады

КІТАП АВТОРЫ ЖАЙЫНДА

Кәсіпкер, ментор, Арман Холдинг www.arman-holding.com халықаралық компаниясының негізін қалаушысы әрі президенті.

1971 жылдың 9 шілдесінде Қостанай облысының Қамысты ауылында дүниеге келді. Баскетболдан спорт шеберлігіне үміткер.

1994 жылы М.И. Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтын аяқтады. Институттың бокстан чемпионы.

1994 жылы Ресейдегі GSM стандартты ұялы телефондарын сату бойынша өзінің алғашқы бизнесін құрды.

2000 жылы Стокгольм бизнес мектебінде кәсіпкерлерге арналған арнайы бағдарламаны тәмамдады.

2000 жылы энергетика және телекоммуникациялар саласындағы интеграциялық шешімдерді өндіруші және жабдықтаушы болып табылатын, Ресейде, Қазақстанда, Сингапурде және Үндістанда өз өкілдіктері мен өндіріс орындары бар Арман Холдинг компаниясының негізін қалады.

Бизнестегі жалпы жұмыс тәжірибесі 30 жылдан асады. Осы кезең ішінде 1000-нан астам табысты жобалар жүзеге асырылды. Компания клиенттері – Газпром, Роснефть, ЛУКОЙЛ, Сургутнефтегаз, НОВАТЭК, Газпром нефть, СИБУР, ҚМГ және басқалары сияқты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар.

2012 жылы Ernst&Young тұжырымы бойынша Ресейдегі «Жыл кәсіпкері» байқауының жеңімпазы атанды.